Accessibility links

Лавров: Ресей ЕО-ны маңызды серіктес санайды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

"Ресей Еуропа Одағымен (ЕО) қарым-қатынасын біржолата үзген жоқ деп үміттенеді" деп мәлімдеді бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Минскіге сапары барысында.

Лавров Мәскеудің ЕО-ны маңызды серіктес деп санайтынын және өзара тиімді шартпен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін айтты. Бірақ оның сөзінше, ЕО-ның Украинаға қатысты саясаты мен украин дағдарысына байланысты Ресейге санкциялар салуы "құрлықтағы сенім мен тұрақтылыққа нұқсан келтіреді".

Сергей Лавров Киевтің Украинаның шығысында "әскери операцияны қайта жалғастыруы мүмкін" екенін айтып, Батыс елдерін жағдайдың бұлай өрбуін болдырмауға шақырды.

Лавров бүгін Киевтен Мәскеуге баратын Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесіп, Украинадағы жағдайды талқылайды.

Штайнмайер Мәскеуге сапары қарсаңында "Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде белгілі бір рөл атқаратындықтан, Ресей мен Батыс және АҚШ арасында Украинаға байланысты үлкен қайшылық барына байланысты Мәскеумен келіссөздер жүргізілуі тиіс" деген. Бірақ ол өзінің Мәскеуге сапарынан аса маңызды нәтиже күтпеуді сұраған.

XS
SM
MD
LG