Accessibility links

ҰҚК: ИМ-де 300-ден аса қазақстандық бар


"Сирияға жиһадқа барған қазақстандықтар" туралы YouTube видеосынан скриншот. 21 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

"Сирияға жиһадқа барған қазақстандықтар" туралы YouTube видеосынан скриншот. 21 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы қатарына қосылған қазақстандықтар саны 300-ден асатынын хабарлады.

ҰҚК-нің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, бұл жайында комитет төрағасы Нұртай Әбіқаев Астанада өткен ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметі басшыларының жиынында айтқан. Ол ұйым құрамында "қазақ жамағаты" құрылғанын және оның тең жартысын әйелдер құрайтынын айтқан.

Жиында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников соңғы үш айда "Ислам мемлекеті" ұйымына қосылуға кеткен ресейліктер саны 1500-ге артқанын айтқан.

Арнайы қызмет басшылары жастар арасында радикалды идеяларды таратып, соғысқа қатысу үшін "Ислам мемлекеті" ұйымына баруға үгіттейтіндер елдеріне келіп жатқанына алаңдаған.

«Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшылар» туралы мәлімет 2013 жылы қазанда YouTube-те жарияланған бір видеодан соң тарай бастаған. Азаттық тілшілері журналистік зерттеулер барысында видеодағы кейбір адамдардың аты-жөнін анықтап, олардың Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында және Кеңгір ауылында тұратын туыстарымен тілдесіп қайтқан. Сирияға кеткен жақындары «алданып, біреулердің арбауына түсіп қалғанын» айтқан тұрғындар Қазақстан билігінен туыстарын «аман-есен елге қайтаруды» сұрап өтініш жазған.

XS
SM
MD
LG