Accessibility links

Күрдтер Кобаниге бекіне бастады


Кобаниге жасалған әуе соққылары. 17 қараша 2014 жыл.

Кобаниге жасалған әуе соққылары. 17 қараша 2014 жыл.

Соңғы ақпараттар бойынша, күрд жасақтары Сирияның Кобани қаласында жаңа аудандарда алға жылжып, алты нысаннан экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларын ығыстырып шығарған.

Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, күрдтер біраз қару-жарақ, оның ішінде гранатометтер мен тапаншалар және оқ-дәрілерді қолға тсүірген. Шабуылдардан 13 содырдың көзі жойылған.

Құқық қорғаушылар шабуыл АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштері содырлардың позицияларына әуе соққыларын бергеннен бірнеше сағаттан соң басталғанын айтады.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының басшысы Рами Абдулрахманның сөзінше, "Ислам мемлекеті" ұйымы Кобанидің әлі жартысына жуық аумағын бақылауда ұстап отыр.

XS
SM
MD
LG