Accessibility links

Карзай АҚШ пен НАТО-ны өткір сынады


Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай.
Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай.

Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай президенттік өкілеті аяқталғаннан бірнеше апта өткенде батыс елдері мен АҚШ-ты қатаң сынады.

Азаттықтың Ауған қызметіне берген сұхбатында Карзай Ауғанстанда әскери қимылдарды жүргізу әдістеріне қарсылығын білдірген соң өзінің Вашингтонмен қарым-қатынасы "өте шиеленісіп" кеткенін айтты. Ол Ауғанстанды бастан-аяқ қаруланған "сотқарға" қарсы тұрған кішкентай балаға теңеді. Ол өз елін шетелдің әскери килігуінен туындаған әділетсіз қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықтан қорғау үшін жұрт алдында пікірін ашық білдіруден басқа мүмкіндігі болмағанын да айтты.

Карзайдың сөзінше, ол әуелде елге көмек көрсетіп, еркіндік әкеледі деген үмітпен батыс елдері әскерінің елге келуін қалаған. Бірақ ол шетелдіктер өз елі мен халқын "адам құрлы көрмегендіктен" көзқарасы өзгергенін айтады.

Карзай АҚШ пен НАТО күштері Ауғанстанда болған кезде жасалған теріс әрекеттер ретінде "түнгі рейдтерді, бомбалауды және ауғандықтарды өз елінде тұтқындап, түрмеге қамауды" айтқан.

XS
SM
MD
LG