Accessibility links

Германия: Минск келісімі Украина ахуалын өзгерте қоймайды


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде. Мәскеу, 18 қараша 2014 жыл.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер (сол жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде. Мәскеу, 18 қараша 2014 жыл.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер қарашаның 18-і күні кешке Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, Украинадағы жағдайдың шиеленісуін талқылады.

Келіссөздерде Штайнмайер мен Лавровтың Украинадағы қақтығысушы тараптар, Ресей және ЕҚЫҰ қатысуымен жасалған Минскі келісім-шартын сақтау қажеттігіне келіскені хабарланған.

Бірақ Штайнмайер келіссөзде өзінің Минск келісімі Украинаның шығысындағы жағдайды өзгерте қоятынына аса сенімді емес екенін айтқан. Соған қарамастан Штайнмайер дәл қазір ол келісімнен бас тарту "үлкен шығынға ұшыратынын" да ескерткен.

Штайнмайер мен Лавров бұған қоса Киев пен Донецк мен Луганск облыстарындағы ресейшіл сепаратистердің басшылығын әскери күшін кері алып кету жөнінде тікелей келіссөздер жүргізуге шақырған.

XS
SM
MD
LG