Accessibility links

АҚШ сенаты Канададан құбыр тартуға қарсы


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ сенаты Канадада өндірілген мұнайды АҚШ-тың оңтүстігіндегі мұнай өңдеу зауыты мен порттарына тасымалдайтын Keystone XL құбырын салу тралы заң жобасын қараудан бас тартты

Жобаға 59 сенатор - қарсы, 41 сенатор қолдап дауыс берді. Сенаторлар даусы партиялық тізім бойынша екіге жарылды. Сенатта басымдыққа ие демократтар құбыр салынуына қарсы, ал республикашылдар қолдайды.

Бұған дейін заң жобасын конгресстің Республикашыл партия басымдыққа ие өкілдер палатасы мақұлдаған. Құбырдың салынуына АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі қарсы және Ақ үй президент егер жобаны конгресстің қос палатасы да қолдаған жағдайда оған вето қоюға бекінгенін мәлімдеген.

Құбыр салуды жақтаушылар жоба АҚШ-тың мұхиттың ар жағынан импорттайтын мұнайға тәуелділігін азайтып қана қоймай, ондаған мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік тудырады дейді. Қарсы тарап жұмыс орындары уақытша ғана болатынын айтып, құрылыс құбыр өтетін штаттардың табиғатына зиян келтіреді дейді.

Мұнай құбырының құрылысына сегіз миллиард АҚШ доллары кетеді және құбырдан күніне 830 мың баррель мұнай айдалады деп жоспарланған.

Республикашылдар сенаттағы көпшілік өздеріне өтетін келесі жылдың қаңтар айында құбыр жобасы бойынша тағы бір рет дауыс беру өткізбек ниетте. Республикашыл партия қарашаның 4-інде өткізілген конгресске аралық сайлауда қос палатада басымдыққа ие болған.

XS
SM
MD
LG