Accessibility links

Ахметов "аса ірі көлемде қаржы жымқырды" деп айыпталды


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов.

Қарағанды облысындағы "коррупциялық қылмыстарға" қатысты үйқамаққа алынған бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовке "аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған" деген айып тағылды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошеваның брифингте хабарлауынша, алдын-ала тергеу орындары Серік Ахметовке қылмыстық кодекстің 176-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша ("аса ірі көлемде қаржы жымқыру") айып тағып, сот қарашаның 18-інде оны екі ай мерзімге, 2015 жылғы қаңтардың 18-іне дейін үйқамаққа санкция шығарған.

Сот өкілі сот санкциясы күшіне енбегенін және үш күн ішінде оған шағымдануға болатынын да айтқан.

Жошева сот Ахметовтің бұрын сотталмағанын және тұрғылықты жері Қарағанды екенін және денсаулық жағдайын ескеріп оны қамауға алу емес, үйқамаққа алуды жөн деп тапқан.

Серік Ахметовтің үйқамаққа алынғанын кеше, қарашаның 19-ында мемлекетітк қызметі істері және коррупциямен күрес агенттігі хабарлаған.

Серік Ахметов 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан премьер-министрі қызметін атқарып, отставкаға кеткен. Бұдан соң ол қорғаныс миинстрі болып тағайындалып, биыл қазан айында қызметінен босатылған еді.

Серік Ахметов оған дейін Қарағанды облысы әкімі (2009), премьер-министрдің бірінші орынбасары (2012) қызметтерін атқарған.

XS
SM
MD
LG