Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесінің жаңа хатшысы тағайындалды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Ермекбаевты президенттің көмекшісі - қауіпсізідк кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ермекбаев Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен және Солтүстік Кореядағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарудан босатылған.

2014 жылыдң тамызына дейін қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров болған. Қожамжаровтан соң хатшылық қызметін уақытша Әділбек Жақсыбеков, одан кейін Азамат Әбдімомынов атқарған.

XS
SM
MD
LG