Accessibility links

Қырғызстанда Бакиевтің туысы бостандыққа шықты


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің немере інісі Санжар Бакиев.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің немере інісі Санжар Бакиев.

Қырғызстанның пенитенциарлық бақылау қызметінің хабарлауынша, биліктен тайдырылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің немере інісі Санжар Бакиев өзіне кесілген жазасын өтеп шықты.

2010 жылдың қарашасында ол сол жылдың наурыз айында Жалал-Абадта Құрманбек Бакиевке жақтас топтардың қатысуымен "тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" деген айыппен он жылға сотталған еді.

Кейін Қырғызстанның жоғарғы соты оның жазасын бес жылға азайтып, бес жылдан алдын-ала қамауда болған жеті ай мерзімін заң бойынша екі еселеп, 14 айын шегерген.

Құрманбек Бакиев Қырғызстаннан 2010 жылдың сәуір айында үкіметке қарсы толқулар кезінде қашып кеткен. Содан бері ол Беларусьте тұрады. Қырғызстанда ол жүзге жуық адамның қаза табуына әкеп соқтырған "арандатушылық әрекеттерді жасады" деп айыпталып, сырттай өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG