Accessibility links

Ақ үй маңында қарулы адам ұсталды


Ақ үй ғимараты. (Көрнекі сурет).

Ақ үй ғимараты. (Көрнекі сурет).

АҚШ құпия қызметінің қызметкерлері қарашаның 19-ында Ақ үйдің маңында күдікті ер адамды ұстады. Құқық қорғау орындарындағы дереккөзіне сілтеме жасаған америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталған Айова штатының 41 жастағы тұрғыны Ар-Джей Кэпхаймның көлігінен тінту кезінде винтовка, оқ-дәрілер мен басқа да суық қару табылған.

Ар-Джей Кэпхайм Ақ үй күзетшілерінің біріне жақындап барып президенттің резиденциясына кіруді сұрағаннан кейін ұсталған. ABC телеарнасының хабарлауынша, Кэпхайм ешкімді қорқытпаған. Бірақ күзетшілер оның жүрісінен күдіктеніп, ұстап, көлігін тінткен. Ұсталған азаматқа тіркелмеген атыс қаруларын иеленгені туралы айып тағылған.

Бұл - соңғы бірнеше айда осымен Ақ үйге қатысты төртінші оқыс оқиға. Өткен айда күзетшілер Ақ үйдің қоршауынан ішке кірмек болған адамды ұстау үшін күзетші итті пайдаланған. Ал қыркүйек айында күзетшілер резиденцияның ішіне кірмек болған АҚШ қарулы күштерінің ардагерін тұтқындаған. Кейін оның көлігінен де атыс қарулары табылған.

Бұл оқиғадан соң қауіпсіздік қызметінің басшысы Джулия Пирсон отставкаға кеткен.

Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарайтын қауіпсіздік қызметі жоғары лауазымды тұлғаларды, мемлекеттік мекемелерді және АҚШ-тағы шет мемлекеттердің өкілдіктерін қорғайды.

XS
SM
MD
LG