Accessibility links

Германияның Ауғанстанда әскер ұстау жоспары бар


Ауғанстанның Құндыз уәлаятында жүрген неміс сарбаздары. (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның Құндыз уәлаятында жүрген неміс сарбаздары. (Көрнекі сурет).

Германия үкіметі келесі жылы Ауғанстанға осы елдің ұлттық армиясын жаттықтыру үшін 850 әскери қызметкер жөнелту жоспарын мақұлдады.

Үкімет мақұлдаған бір жыл мерзімдік миссия жоспарын енді парламент қарауы тиіс. Парламенттегі көпшілік орынды канцлер Ангела Меркельдің партиясы иеленген.

НАТО-ның Ауғанстандағы операциясы биыл аяқталады. НАТО-ның тұрақты әскерінің орнына ауған әскерін дайындайтын шағын миссия жөнелтілуі тиіс.

Соңғы 10 жылда Германия Ирактың солтүстігінде ең ірі шетелдік контингентті - мың жарымға тарта әскер ұстап келеді. Жаңа жоспар бойынша, Берлин Ирактың солтүстігіндегі миссиясын бұрынғыдай атқара береді.

XS
SM
MD
LG