Accessibility links

Жарылыс болған колледж оқытушысы екі айға қамалды


Алматыдағы жарылыс болған сән және дизайн колледжі. Алматы, 17 қараша 2014 жыл.

Алматыдағы жарылыс болған сән және дизайн колледжі. Алматы, 17 қараша 2014 жыл.

Алматының Алмалы аудандық соты жарылыс болған сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ғабит Қараболаевты екі айға қамау туралы санкция берді. Бұл турасында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін колледжегі жарылыс бойынша «Байқаусыз өлімге себеп болу» және «Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе ұстап жүру» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қарашаның 17-сі күні таңертең Алматы қаласындағы сән және дизайн колледжінде жарылыс болып, бір адам қаза тауып, оннан астам адам жараланған болатын. Қаза тапқан оқушы - 16 жастағы Светлана Яковлеваның отбасына Алматы қалалық әкімдігі көмек ретінде бір миллион теңге бөлді.

Дерек бойынша, әскери граната алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде жарылған. Жарылыстан зардап шеккен бес адамға операция жасалып, олардың жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG