Accessibility links

Чехия мен Өзбекстан басшылары Қазақстанға келеді


Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бішкек, 13 қыркүйек 2014 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов (сол жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бішкек, 13 қыркүйек 2014 жыл.

Қарашаның 24-і күні Қазақстанға Чехия президенті Милош Земан, 25-і күні Өзбекстан президенті Ислам Каримов ресми сапармен келіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда Чехия басшысының сапары екіжақты сауда-экономикалық, транспорттық, транзиттік, ауылшаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы қатынастардың нығаюына жаңа серпін береді деп күтіліп отырғанын айтады.

Өзбекстан мен Қазақстан басшылары сауда-экономикалық, су-энергетикалық, транспорттық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара байланыстарды талқыламақ.

XS
SM
MD
LG