Accessibility links

Қазақстандық велоспортшы допингпен ұсталды


"Астана" құрлықтық велоспорт командасының мүшесі Виктор Окишевтің қанынан рұқсат етілмеген препарат анаболикалық стериод табылды деп хабарлады халықаралық велоспорт федерациясы (UCI) өзінің ресми сайтында.

Спортшы 2014 жылы мамыр айында Қарағандыда өткен Азия чемпионатын ұтып алған еді. Сол кездегі жарыста алынған анализ қорытындысы теріс болып шықан. Спортшы енді екінші рет қан тапсыруы қажет. Егер спортшының қанынан допинг іздері табылса ол екі жылдан төрт жылға дейін спорттан шеттетілуі мүмкін. Қазір Окишев "Астана" құрлықтық командасының құрамынан шығарылып, уақытша жарыстарға қатысу құқығынан айырылды.

Бұған дейін "Астана" командасының спортшылары Илья Давиденок, ағайынды Валентин және Максим Иглинскилердің де қанынан допинг табылып, спорттан шеттетілген еді.

XS
SM
MD
LG