Accessibility links

АҚШ-та қалың қар мен суықтан жеті адам көз жұмды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Нью-Йорк, Мичиган және Нью-Гемпшир штаттарында қалың қар түсіп, кемінде жеті адам көз жұмды деп хабарлайды америкалық БАҚ. Құрбандардың бірі қарға тығылған көлігінде үсіп өлген.

Қарашаның 19-ына қараған түні АҚШ-тың солтүстік-шығыс штаттарында қарлы бұрқасын тұрған. Метеорологтар бүгін, қарашаның 20-ында да қалың қар түседі деп ескертеді.

Нью-Йорк штатының солтүстік-батысындағы кейбір аудандарда соңғы тәуліктері бір жарым метрге жететін қар жауған. Қалың қардан қалада және жоғары жылдамдықта жүретін жолдарда көлік қозғалысы шектеліп, мектептер мен басқа да мекемелер жабылды.

Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо штатта төтенше жағдай режимін жариялады. Жолдарды тазалауға АҚШ ұлттық гвардиясының резервистері де жұмылдырылған.

Метеорологтар қалың қар құрлықтағы құрғақ ауаның көлдер мен су қоймаларындағы жылы ылғалды ауамен араласуынан пайда болған дейді. Табиғаттың бұл құбылысы көбінесе қыста АҚШ мен Канададағы Үлкен көл орналасқан аумақта байқалатын. Бірақ қараша айында мұндай қалың қар өте сирек түседі.

XS
SM
MD
LG