Accessibility links

PI Орталық Азиядағы аңду туралы мәлімдеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Лондонда орналасқан жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығын қорғайтын Privacy International (PI) ұйымы жариялаған есеп бойынша, АҚШ пен Израиль компаниялары Орталық Азия елдерін билікке наразылар мен басқа да азаматтардың байланысына кең ауқымда тыңшылық жасауға мүмкіндік беретін жаңа заманғы күрделі технологиямен жабдықтап отыр.

Ұйым қарашаның 20-сындағы есебінде Орталық Азия үкіметтерінің тыңшылық құралдарын "елдегі белсенділер мен журналистерді және шетелде қуғында жүргендерді аңдуға" пайдаланатынын айтқан.

"Орталық Азия тыңшылық жасайтын технологияларды сынайтын бірегей алаң қызметін атқарып отыр. Бұл аймақта әлемдегі ең репрессивті, интернет және телекоммуникация еркіндігін тұншықтыруға бейім авторитарлық басқарудағы елдер орналасқан" делінген ұйым есебінде.

Privacy International ұйымы есебін негізінен құпия дереккөздері мен құжаттарға, белсенділердің, журналистердің және қуғындағы азаматтардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына сүйеніп даярлаған. Ол азаматтар интернеттегі хат-хабарлары мен әңгімелері тыңдалып, аңдуға түскенін айтқан.

XS
SM
MD
LG