Accessibility links

ЕҚЫҰ: Донецкідегі миссиямызға оқ атты


ЕҚЫҰ миссиясының Донецк облысындағы бақылаушылары. Украина, қыркүйек 2014 жыл.
ЕҚЫҰ миссиясының Донецк облысындағы бақылаушылары. Украина, қыркүйек 2014 жыл.

ЕҚЫҰ Украинаның Донецк облысындағы миссиясының бақылаушыларын украин әскерінің айырым белгісін таққан сарбаздар атқылағанын хабарлады.

ЕҚЫҰ-ның ресми сайтында хабарланғандай, қарашаның 19-ында миссияның екі көлігі Донецк облысынан Курахово қаласына қарай бет алған. Марьинка селосының маңында көліктерден шамамен 80 метр қашықтықта украин армиясының айырым белгісі бар екі сарбаз мінген жүк көлігі пайда болған. Сарбаздардың бірі ЕҚЫҰ көлігіне екі рет оқ атқан. Бірақ бақылаушылар зардап шекпеген.

Украинада ЕҚЫҰ миссиясы Киевтің сұрауы бойынша әрекет етеді. Миссияның қызметіне ақпарат жинау, қауіпсіздікке қатысты жағдайды баяндау және бітім шартының бұзылғанын хабарлау кіреді.

Соңғы күндері ЕҚЫҰ өкілдері Донбассқа ресейлік әскери техниканың әкелініп жатқанын бірнеше рет хабарлаған. Мәскеу миссияның ақпаратын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG