Accessibility links

Adam bol журналын шығармауды талап етті


Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева (сол жақта) сотта отыр. Алматы, 23 қазан 2014 жыл.

Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева (сол жақта) сотта отыр. Алматы, 23 қазан 2014 жыл.

20 қараша күні кешке қарай Adam bol журналының редакциясына сот орындаушылары келіп, журналдың электронды және қағаз түрін шығару мен таратуды тоқтату туралы сот құжаттарын көрсеткен.

Медеу аудандық сотының анықтамасында басылымның иесі және бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваға журналды таратуға тыйым салынғаны туралы жазылған. Онда журналға қатысты шағым түсірген Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының журналдың тіркеу туралы куәлігін тартып алу туралы талабы да баяндалған.

Бұл мәселеге байланысты Азаттыққа түсініктеме берген Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы БАҚ туралы заңның 13-бап 4-пункті бойынша журналдың үстінен сотқа шағым түсіргенін хабарлады. Бұл бапта «конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіру, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік үстемдік, қатыгездік және күш көрсету, порнографияны үгіттеу немесе насихаттау, мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді тарату мақсатында» БАҚ-ты қолданбау туралы бапты бір жылда екі мәрте бұзған ақпарат құралының жұмысы тоқтатылатынын жайлы жазылған.

Ішкі саясат басқармасы шағымға қатысты толығырақ мәліметті сәл кейінірек беретінін айтты.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG