Accessibility links

Сот «Қазақмыстың» экс-жұмысшысының шағымын қарады


«Қазақмыс» компаниясының офисі. Жезқазған қаласы, 27 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Қазақмыс» компаниясының офисі. Жезқазған қаласы, 27 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қарашаның 20-сы күні Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотында «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған теміржол кешенінің бұрынғы жұмысшысы Ерлан Табыновтың шағымы бойынша сот отырысы өтті.

Ерлан Табынов биыл 15 тамызда «еңбек тәртібін бұзу» айыбымен жұмыстан босатылған. Алайда ол «жұмыстан шығарылуыма бөлінген ақшаның қайда жұмсалып жатқанын сұрап «Қазақмыс» басшысына хат жазғаным себеп болды» деп біледі. Жұмыстан «заңсыз шығарылғанын» айтқан Ерлан Табынов бұрынғы басшыларын сотқа беріп, өзін қайта жұмысқа алуды талап еткен.

Тараптар келісе алмағандықтан Ерлан Табыновтың шағымы бойынша өтіп жатқан соттың келесі отырысы желтоқсанның 3-іне белгіленді.

Бұл мәселеге қатысты пікірін білмекке Жезқазған теміржол кешені баспасөз қызметіне хабарласқанымызда «басшылықпен ақылдаспай түсініктеме бермейміз» деген жауап алдық. Мекеменің бүгінгі сотқа қатысқан заңгерімен де тілдесу мүмкін болмады.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG