Accessibility links

Квартирант келінмін


Азаттықтың блог байқауына қатысушы Шынаргүл Оңашбай жіберген фото
Азаттықтың блог байқауына қатысушы Шынаргүл Оңашбай жіберген фото

Қайын жұртыма квартирант сияқтымын. Кешкісін келіп дайын тамақты ішіп аламын да, ыдыс-аяқты жуа салып ұйықтай кетемін. Басқа бірдеңе жасауға уақыт қалмайды.

Мен квартирант келінмін. Себебі үйіміз бар. Нақтырақ айтсам, ата-енемнің үйі. Ол үй сонау 1960 жылдары салынған екен. Қабырғаны әктегенде майпоздап әрең ақтаймын. Өйткені щетка тисе құмы саудырап түсіп жатады. От жақсаң, ысып шыға келетін баспанамыздың қабырғасына тақап қалсаң суық үрлеп тұрады. 60 шаршы метр болатын шағын ғана үйде алтауымыз (папам, мамам, күйеуім, қайным, қайын ағам, баламыз және мен) кішкентай сәбиімізбен тұрамыз.

Жолдасым екеуіміз біздің ауылдан 40 шақырымдай жерде іргелес жатқан облыс орталығында жұмыс істейміз. Таңертең кетеміз, кеш батқанда келеміз. Ауыл мен қаланың арасында маршруттан маршрутқа мініп жүргенше көп уақытты сарп етеміз.

Сөйтіп қырымнан қысылып мен жүрмін. Қайын жұртыма квартирант сияқтымын. Кешкісін келіп дайын тамақты ішіп аламын да, ыдыс-аяқты жуа салып ұйықтай кетемін. Басқа бірдеңе жасауға уақыт қалмайды. Мүмкін түннің ортасына дейін жыбыр-жыбыр етіп үйдің тірлігімен айналысып жүруім керек шығар. Өйтуге энергиям жетпей қалады. Квартирант келіннің арманы – б-ә-ә-ә-ріміз тұратын үлке-е-е-ен үй салып алу, әрине, қалаға жақын жерден.

Шынаргүл ОҢАШБАЙ

Азаттықтан: Бұл блогқа дауыс беру үшін Блог байқау парақшасына кіріп, сауалнамадағы автордың атын таңдаңыз және Facebook, Google+, Twitter мен МойМир арқылы ұнатып, я бөлісіңіз.

XS
SM
MD
LG