Accessibility links

Керри Иран министрімен кездесті


Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (сол жақта), Еуропа Одағы делегациясының жетекшісі Кэтрин Эштон (ортада) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 20 қараша 2014 жыл.
Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (сол жақта), Еуропа Одағы делегациясының жетекшісі Кэтрин Эштон (ортада) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вена, 20 қараша 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қарашаның 20-сы күні кешке Венада Иран сыртқы істер министрі Жавад Зарифпен кездесті. Керри бұған қоса Еуропа Одағы делегациясының басшысы Кэтрин Эштонмен де келіссөздер жүргізді. Қарашаның 24-інде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған уақытша келісімнің мерзімі бітеді. Соған дейін Иран мен әлемдік алты держава өкілдері Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасасуы тиіс.

Зарифпен кездесуінен бұрын Керри Парижде Франция және Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлерімен кездекен еді. Бұдан кейін әлемдік державалар Иранмен келісімге келу мәселесінде бір ұстанымда екенін мәлімдеген. Бірақ ол әңгіме қарашаның 24-інде аяқталатын келісімнің мерзімін созуға қатысты емесін ескерткен.

Ресей делегациясының басшысы Сергей Рябков РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында келіссөздердің ауыр жүріп жатқанын және қандай да бір келісімге қол жеткізу өте қиын екенін айтқан.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әлемдік державалар мен Иранды келіссөздерде жұмсақтық танытуға шақырды.

XS
SM
MD
LG