Accessibility links

БҰҰ климат қорына межелі 10 млрд доллар жиналмады


БҰҰ-ның Жасыл климат қоры мүшелерінің жиыны. Берлин, 20 қараша2014 жыл.

БҰҰ-ның Жасыл климат қоры мүшелерінің жиыны. Берлин, 20 қараша2014 жыл.

БҰҰ-ның кедей елдердің климаттың өзгеруімен күресуіне көмектесетін Жасыл климат қоры жоспарланған 10 миллиард АҚШ долларын жинай алмады.

Германияның даму министрлігінің деректері бойынша, Берлинде өткен кездесуде 30 ел Жасыл климат қорына шамамен 9,3 миллиард АҚШ долларын бөлуге уәде берген. Бірақ Германияның экология министрі Барбара Хендрикстің айтуынша, кейбір елдер алдағы айларда өздерінің жарналық төлемдерін ұлғайтатынын білдірген.

АҚШ өткен аптада қорға ең көп сома - үш миллиард АҚШ долларын бөлуге уәде еткен. Ұлыбритания қорға 1,3 миллиард АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Жапония, Германия мен Франция әрқайсысы қорға бір миллиардтан аударған. Қор кедей елдерге теңіздердің көтерілуі, температураның өзгеруі мен климаттың нашарлауына бейімделуіне көмектесу үшін құрылған.

Қор қаржысы бұған қоса кедей елдерде парник газын көп шығаратын көмір, мұнай және газды қолдануды азайтып, энергия өндірудің экологиялық таза жолдарын дамытуға да жұмсалады.

XS
SM
MD
LG