Accessibility links

АҚШ Украинаға беретін әскери құралдарын көбейтпек


АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ Украинаға жеткізетін әскери құрал-жабдықтарды, оның ішінде жартылай әскери үлгідегі, жол талғамайтын көліктерді көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл жабдықтар соғыста қолданылмайды.

Reuters агенттігінің Америка билік орындарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл жайында Киевке сапармен барған АҚШ вице-президенті Джо Байден айтқан.

Қарашаның 20-сы күні НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Балтық теңізі бойы елдеріінң әуе кеңістігінде, Норвегия және Қара теңіз үстінде әскери қыр көрсетуін ешқандай жолмен ақтауға болмайтынын және ол азаматтық авиацияға қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Эстонияның Амари әскери базасында сөйлеген Столтенберг Украина дағдарысына байланысты қалыптасқан қазіргі жағдайды "қырғи қабақ соғыс" кезеңімен салыстырып, НАТО "қажет болса жауап қатуға дайын" екенін айтқан.

НАТО бұған дейін Ресейдің Украинадағы саясатына жауап ретінде Балтық елдеріндегі әскерін күшейте түскен.

XS
SM
MD
LG