Accessibility links

Грузия, Словакия бұрынғы Гуантанамо тұтқындарын қабылдады


Гуантанамодағы әскери-теңіз базасында орналасқан түрменің кіреберісі. (Көрнекі сурет).

Гуантанамодағы әскери-теңіз базасында орналасқан түрменің кіреберісі. (Көрнекі сурет).

АҚШ әскери-теңіз күштерінің Гуантанамо түрмесінде отырған бес тұтқын босатылып, тұруға рұқсат берген Грузия мен Словакияға жөнелтілді. АҚШ билігі өкілдерінің хабарлауынша, Грузия Йеменнің үш азаматын, Словакия Түркияның екі азаматын қабылдады.

Бұған дейін Гуантанамодағы 143 тұтқынның ісін қараған арнайы мемлекеттік комиссия 74 тұтқынға қатысты "сотталғандар енді қауіп төндірмейді және оларды босатуға болады" деген шешім шығарған. 74 тұтқынның қалғаны АҚШ бұрынғы тұтқындарды қабылдайтын елдерді тапқаннан соң босатпақ.

АҚШ мемлекеттік департаментінің арнайы өкілі Клиффорд Слоан мәлімдемесінде Тбилиси мен Братиславаға алғыс білдіріп, "Біз серіктерімізге мұндай адамгершілік ишара білдіргендері үшін үлкен алғыс білдіреміз" деді.

Барак Обама АҚШ президенті болып сайланған соң шығарған алғашқы жарлықтарының бірі Гуантанамо түрмесін жабу туралы болған. Бұл түрмеде Ауғанстандағы әскери кампанияда және басқа да антитеррорлық операцияларда ұсталған содырлар отырады.

XS
SM
MD
LG