Accessibility links

Оңтүстік өңірі әскерінде кенеттен тексеру жүргізілді


Қазақстандық әскерилер әскери парад кезінде. Алматы облысы, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстандық әскерилер әскери парад кезінде. Алматы облысы, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан қарулы күштерінің Оңтүстік өңір қолбасшылығындағы әскерінде кенеттен тексеру жүргізілді деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпаратына қарағанда, қарашаның 19-ына қараған түні қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Оңтүстік өңірдегі қарулы күштердің әскери дайындығы мен соғысқа қабілетін тексеруді бастаған. Тексеру кезінде Оңтүстік өңір қолбасшылығының әскері, Қазақстанның әуе қорғанысы күштері, аэроұтқыр күштері "қауіп-қатер" дабылы берілген соң сапқа тұрып, алдын-ала жоспарланбаған аймақтарға қозғалған.

Әскердің дайындығын тексеру шарасына жеке құрамдағы 3 мыңнан астам әскер мен 36 авиациялық техника қатысқан.

Екі күнге созылған әскери жаттығу кезінде әскери құрамдардың жеделдігі мен қажет болған жағдайда алыс қашықтықтағы аймақтарға жедел бару қабілеті тексеріліп, полигондарда тактикалық тапсырмалар орындалған.

XS
SM
MD
LG