Accessibility links

Қытай соты ұйғыр ғалымының үкімін өзгертпеді


Ұйғыр ғалымы, құқық қорғаушы Илхам Тоқты сот залында отыр. Үрімжі, Қытай, қыркүйек 2014 жыл.

Ұйғыр ғалымы, құқық қорғаушы Илхам Тоқты сот залында отыр. Үрімжі, Қытай, қыркүйек 2014 жыл.

Қытай соты ұйғыр құқық қорғаушысы және ғалым Илхам Тохтидің өзін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына байланысты берген шағымын қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Тохтидің адвокаты Лю Сяоюаньнің айтуынша, ғалымға енді үкіміне қатысты шағымданатын ешқандай мүмкіндік жоқ. Адвокат Тохтидің бір айдан кешіктірілмей түрмеге әкетілетінін айтады.

Пекин университетінің бұрынғы профессоры, 44 жастағы Ильхам Тохти Қытай билігінің аз ұлттарға және Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданына қатысты саясатын бірнеше рет сынаған. Биыл қыркүйекте Шыңжаң автономиясының орталығы Үрімжі қаласының соты Тохтиді "мемлекеттік құрылымды бұзуға әрекет жасады" деген айыппен өмірлік түрме жазасына кескен. Сот кезінде ғалым өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Адвокаты "Тохтиге қарсы соттың саяси астары бар" дейді.

Қытайлық белсенділер бұған дейін "құқық қорғаушыға шыққан үкім 8 миллионға жуық мұсылман ұйғыр тұратын Шыңжаң аймағында шиеленіс тудыруы мүмкін" деген.

Қытайдағы ықпалды хань қауымының өкілдерімен де байланысы бар Ильхам Тохти қаңтар айында жеті студентімен бірге тұтқындалған. Еуропа Одағы мен АҚШ Қытай билігін оны босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG