Accessibility links

Украина Голодомор құрбандарын еске алып жатыр


Киевтегі Голодомор музейінде. 19 қараша 2014 жыл.
Киевтегі Голодомор музейінде. 19 қараша 2014 жыл.

Бүгін Украинаның Киев және басқа де қалаларында совет билігі кезінде болған Голодомор (ашаршылық) құрбандарын еске алу күніне байланысты шаралар өтіп жатыр.

Украинадағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш басындағы азалы митинг пен гүл қою рәсімі өтіп, құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алады. Осы шарамен бірге жалпыұлттық дәстүрлі акция – «Еске алу шырағы» жағылады. Бұл күні әр үйде шырақ жағып, ашаршылық құрбандарын еске алады.

Украина тарихшыларының көпшілігі елде 1930 жылдары жаппай болған ашаршылықты әдейі жүргізілген сталиндік саясаттың салдары деп біледі. Олардың пікірінше, ол саясат ең әуелі украин шаруасына қарсы бағытталған. Түрлі есептер бойынша, Голодомор кезінде төрт миллионнан он миллионға дейін адам аштан қырылған.

Украина қауіпсіздік кеңесі Голодоморды жоққа шығарған іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке туралы бапты заңға енгізуді елдің жаңадан сайланған парламентіне ұсынбақ ниетте.

Сонымен бірге, Украинада бүгін 2004 жылғы «Қызғылт-сары төңкерістің» басталғанына 10 жыл толады. Сол жылы президент сайлауында премьер-министр Виктор Янукович пен оппозициядан түскен кандидат Виктор Ющенко арасындағы дауыс берудің ресми нәтижесі экзит-полл қортындысынан өзгеше болғанына наразылық танытқан жүздеген мың адам көшеге шығып, дауыстардың әділ саналуын талап еткен еді. Бірнеше аптаға жалғасқан қарсылық акцияларынан соң қайта сайлау белгіленіп, онда Виктор Ющенко жеңіске жеткен болатын.

Бүгін Киевте 21 қараша – Ар-намыс және еркіндік күніне арналған шаралар да өткізіледі.

Жұма күні «Майданның өзін өзі қорғау тобының» өкілдері Киев көшесінде өткізген шеруге, одан кейін қала орталығындағы Тәуелсіздік алаңы – Киев Майданындағы жиынға мыңдаған адам қатысқан.

2014 жылы 21 қарашада Киев Майданында әнші Руслана Украина гимнін шырқады

Еуромайданға бір жыл
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

XS
SM
MD
LG