Accessibility links

Порошенко үкіметті түбегейлі жаңартуға шақырды


Украина президенті Петр Порошенко (ортада) Киев Майданында құрбан болғандарды еске алу шарасында тұр. Киев, 21 қараша 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко (ортада) Киев Майданында құрбан болғандарды еске алу шарасында тұр. Киев, 21 қараша 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко ел үкіметінің құрамы түбегейлі жаңаруы қажет деп мәлімдеді. Бұл туралы ол жұма күні Ар-намыс және еркіндік күні жасаған үндеуінде айтты.

Биыл елде өткен кезектен тыс парламент сайлауы нәтижесінде өзгерістер жүргізуге қажетті саяси алғышарттар әзір болды деді президент.

«Жаңадан сайланған Жоғарғы Рада келесі аптада алғашқы отырысын өткізуі тиіс. Конституцияғы сәйкес коалиция маған ұсынатын премьер-министрдің кандидатурасын бекітуді бірден парламенттің қарауына енгіземін» деген Порошенко.

Сонымен бірге президент үкімет жетекшісі қызметіне өзі ұсынғысы келетін, бұған дейін премьер қызметін атқарып келген Арсений Яценюктің кандидатурасына коалиция келісім береді деп үміттенетінін жеткізген.

Жұма күні Украинада парламенттік көпшілік коалициясын құру туралы келісім жобасы жарияланған. Сол күні құжатты жаңа парламентке өткен бес саяси ұйым – «Петр Порошенко блогы», «Халық майданы», «Самопомощь» бірлестігі, «Олег Ляшконың радикалдық партиясы» және «Батькивщина» партиялары бекіткен.

XS
SM
MD
LG