Accessibility links

Геннадий Головкин: Астанада жекпе жек өткізгім келеді


Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Назарбаев университетінде жанкүйерлерімен кездесті. Астана, 22 қараша 2014 жыл.

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Назарбаев университетінде жанкүйерлерімен кездесті. Астана, 22 қараша 2014 жыл.

Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің бір жекпе жегін Қазақстан астанасында өткізгісі келетінін айтты. Бұл тілегін ол бүгін Астанада баспасөз мәслихатында жеткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Астанада бокс жекпе жегін өткізсем деген үлкен тілегім бар, ол жоспарымды Астана әкімімен кездескенімде айттым, дәл қай кезде екенін айта алмаймын, бірақ ондай жекпе жек өткізуге болады» деген ол.

Астанадағы Назарбаев университетте өткен кездесуде танымал боксшы өзі көптен күткен қазақстандық жанкүйерлерімен жүздесуге қуанышты екенін айтып, спорттағы жетістіктері, алдағы жоспарлары, жеке өмірі мен отбасы туралы сұрақтарға жауап берген.

Геннадий Головкин 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысқалы бері 31 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, 28 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Биыл Головкин үш рет рингке шығып, барлығында бәсекелесін нокаутпен жеңген.

Геннадий Головкинмен Астанадағы кездесуден фотогалерея

XS
SM
MD
LG