Accessibility links

Моңғолия құрамасы - «Еуразия барысы» жеңімпазы


2012 жылғы "Қазақстан барысы" Бейбіт Ыстыбаев пен Мұхит Тұрсыновтың белдесуі. Астана, 29 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

2012 жылғы "Қазақстан барысы" Бейбіт Ыстыбаев пен Мұхит Тұрсыновтың белдесуі. Астана, 29 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Таразда бүгін қазақ күресінен «Еуразия барысы» екінші халықаралық жарысы өтті.

Жарысқа 12 елдің балуандар құрамасы қатысып, өзара күш сынасты. Құрамында Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Дәулетхан Жақыпов, Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров бар Қазақстан құрамасы алғашқы айналымдарда Қытай мен Тәжікстан командаларын 5:0 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Грузия балуандарын 4:1 есебімен жеңді.

Финалда Қазақстан мен Моңғолия құрамалары кездесіп, 4:1 есебімен Моңғолия спортшылары жеңіске жетті. Үшінші орынды Грузия құрамасы алды.

Жеңімпаз командаға сыйлыққа елу мың доллар, екінші орынға – отыз мың доллар, ал үшінші орынға – он мың доллар берілді.

Былтыр алғаш ұйымдастырылған «Еуразия барысы» жарысының финалда Қазақстан Моңғолияны ұтқан еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG