Accessibility links

Мәскеуде сөз бостандығын талап еткен митинг өтті


Cөз бостандығын қорғауға арналған жиынға қатысушы әйел. Мәскеу, 22 қараша 2014 жыл.

Cөз бостандығын қорғауға арналған жиынға қатысушы әйел. Мәскеу, 22 қараша 2014 жыл.

Ресей астанасында сенбі күні өткен сөз бостандығын қорғауға арналған жиынға 150-ге жуық адам қатысты деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

«Шекарасыз Майдан» қозғалысы, «Журналистік ынтымақтастық» кәсіподағы мен Ресей либертариандық партиясы өкілдері ұйымдастырған жиынға қатысушылар журналистерге қысым жасауды тоқтатуды талап етіп, билікті «жалған насихаты» мен «ақпараттық кеңістікті тазалағаны» үшін айыптаған. Митингте құқыққорғаушы Лолита Цария, «Билік ауысуы үшін» қозғалысының жетекшісі Марк Гальперин, Ресей либертариандық партия басшысы Андрей Шальнев, «Ұлтшыл-большевиктік платформа» белсендісі Михаил Пулин және басқалар сөз сөйлеген. Демонстранттар елдегі сөз бостандығын шектейді деп санайтын заңдардың күшін жоюды талап ететін қарар қабылдаған.

«Дождь» телеарнасының хабарлауынша, митингке «Донбасс халық жасағы» туларын ұстап келмекші болғандарды жиында тұрғандар «арандатушылар» деп атап, шараға қатыстырмай қойған.

Сенбі күнгі жиынды ұйымдастырушылар кейбір саясаткерлерге акцияға қатысу жөнінде ұсыныс жасалғанымен, олар бұл шараға қатысудан бас тартқандарын айтады.

XS
SM
MD
LG