Accessibility links

Францияда өткен жарыста Денис Тен үшінші болды


Қазақстандық спортшы Денис Тен.

Қазақстандық спортшы Денис Тен.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Францияның Бордо қаласында өткен әлемдік Гран-При кезеңінде үшінші орын алды.

Қысқа бағдарламадан кейін 91,78 ұпаймен бірінші орында тұрған Тен негізгі бағдарламаны орындау кезінде құлап қалып, төрешілерден төмен ұпай алды – 144,50.

Екі бағдарлама қорытындысы бойынша Денис Тен 236,38 ұпай жинады. Бұл кезеңде ресейлік Максим Ковтун 243,35 ұпай жинап жеңімпаз атанды, жапон спортшысы Тацуки Мацида 237,74 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Денис Тен осыған дейін АҚШ-та өткен әлемдік Гран-при кезеңінде төртінші орын алған еді.

Енді Тен наурызда Шанхайда (Қытай) өтетін әлем чемпионатына қатысады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG