Accessibility links

Венада Иранмен келіссөздер өтіп жатыр


Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (сол жақта), Еуропа Одағы делегациясының жетекшісі Кэтрин Эштон (ортада) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта). Вена, 21 қараша 2014 жыл.

Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф (сол жақта), Еуропа Одағы делегациясының жетекшісі Кэтрин Эштон (ортада) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта). Вена, 21 қараша 2014 жыл.

Бүгін Венада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен әлемнің алты мемлекеті (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Франция және Ресей) арасындағы келіссөздер жалғасады.

Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри тараптар арасында «прогресс нышаны» болғанымен түйінді мәселеде әлі «пікір алшақтығы» барын айтқан еді. Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен келіссөздерді жалғастыру үшін Джон Керри Парижге бармай, Венада кідірді.

Әлемдік державалар Иран билігін ядролық бағдарламаны дамытудан бас тартқызуға көндіре алмай отыр. Егер Тегеран ұсынысқа келіссе, батыс елдері Иранға салынған санкцияларды біртіндеп алып тастамақшы. Иран болса өз ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG