Accessibility links

Путин: Өмір бойы президент болсам деген ниетім жоқ


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин өмірінің қалған бөлігінде президент болып қалу ниеті жоқ екенін мәлімдеді. ТАСС агенттігі бүгін жариялаған сұхбатында Путин өмірлік президент болу «Ресей үшін де зиян, маған да қажеті жоқ» деген.

Ол Ресей конституциясы бойынша 2018 жылы тағы да президент сайлауына түсуге мүмкіндігі барын, бірақ әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын айтқан.

Батыс елдерімен арадағы қатынас жайлы сөзінде Путин Ресейдің жаңадан «темір шымылдық» орнағанын қаламайтынын мәлімдеген.

Кремль басшысы қазіргі заманда «әлемде барлығы өзара тәуелді» екенін ескертіп, «санкциялар мен әлемдік базарда мұнай бағасының күрт арзандауының жойқын салдары жалғыз Ресей экономикасына емес, өзге әріптестерге де тиетінін» айтқан.

Путин Қырымға қатысты мәселеде «шындық Ресей жағында» деп мәлімдеген.

Биыл наурызда Қырымда өткен «референдумнен» соң Украинаның бұл аймағын өз құрамына қосып алған Ресейге қарсы АҚШ пен Еуропа Одағы бірқатар санкциялар салған. Кейін Украинаның шығысындағы жағдайдың ушығуына байланысты Мәскеуді айыптаған батыс елдері Ресейге қарсы санкцияларды тағы да күшейткен.

XS
SM
MD
LG