Accessibility links

«Жиһадшы қазақ балалары» жайлы Азаттық мақаласы ашылмай қалды


Daily Mail басылымы жариялаған "Сириядағы жиһадшы қазақ балалар" туралы ИМ видеосының скриншоты.
Daily Mail басылымы жариялаған "Сириядағы жиһадшы қазақ балалар" туралы ИМ видеосының скриншоты.

Азаттық вебсайтында қарашаның 23-і күні жарияланған «жиһадшы қазақ балалары» туралы қазақ және орыс тіліндегі материалдар Қазақстан аумағынан ашылмай тұр. Бұл туралы редакцияға оқырмандар хабарлады.

Елдегі ең ірі интернет провайдері «Қазақтелеком» компаниясы Азаттықтың бұл мақалаларының ашылмай қалуына қатысы жоғын айтады.

Ұлыбританияның Daily Mail басылымы қарашаның 22-сі күні «Ислам мемлекеті» ультра-радикалдық тобы әлеуметтік желілерде таратты» деп сипатталған қазақша сөйлейтін кәмелетке толмаған жас балалар түскен видео жариялаған. Калашников автоматын жылдам құрастырып, нысана көздеген әскери форма киген бала қазақ тілінде сөйлейді.

Азаттық сайтында жарияланған «жиһадшы қазақ балалары» туралы мақалаларды Facebook әлеуметтік желісіндегі парағымыздан оқи аласыздар.

Азаттық мақалаларының ашылмай қалуы бір бұл емес. Өткен апта соңында Азаттықтың Adam bol журналы туралы, оған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекеттілігіне қатысты пікірілері жайлы мақаланың орыс тіліндегі нұсқалары ашылмай қалған еді.

XS
SM
MD
LG