Accessibility links

«Союз ТМА» ғарыш кемесі ұшырылды


Ресейлік "Союз ТМА-13М" ғарыш кемесінің ұшырылған сәті. Байқоңыр, мамыр, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейлік "Союз ТМА-13М" ғарыш кемесінің ұшырылған сәті. Байқоңыр, мамыр, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Дүйсенбіге қараған түні Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз ТМА-15М» ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясымен автоматты түрде түйісті. Бұл туралы Ресей ғарыш агенттігі хабарлады.

«Союз-ФГ» зымыраны арқылы ұшырылған ғарыш кемесі станцияға жаңа экипаж құрамын – «Роскосмос» ғарышкері Антон Шкаплеров, Еуропа ғарыш агенттігінің әйел астронавты Саманта Кристофоретти және НАСА астронавты Терри Вертсті жеткізген.

Жаңа экипаж ғарышта 169 тәулік болып, ресейлік «Прогресс» жүк кемесі мен еуропалық ATV-5 жүк кемесіне қатысты жұмыстарды атқарады деп жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG