Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан 45 адам мерт болды


Пактика уәлаятында волейбол матчы кезінде болған жарылыстан жараланған тұрғын ауруханада жатыр. Ауғанстан, 23 қараша 2014 жыл.

Пактика уәлаятында волейбол матчы кезінде болған жарылыстан жараланған тұрғын ауруханада жатыр. Ауғанстан, 23 қараша 2014 жыл.

Ауғанстанның Пактика уәлаятында волейбол матчы кезінде болған жарылыстан кемінде 45 адам қаза тауып, 60 адам жараланған.

Жарылыс жексенбі күні тұрғындар ауданаралық жарысты тамашалауға жиналғанда болған. Жанкешті көпшілік адамның ортасына кіріп кетіп, өзімен бірге алып жүрген жарылғыш затты іске қосқан. Қаза тапқандардың көпшілігі бейбіт тұрғындар.

Үкімет тікұшақтары ауыр жараланғандарды Кабулға әкетіп жатыр. Әзірше бұл шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Пактика уәлаяты Талибан және «Әл-Қаида» ұйымдарымен байланысы бар түрлі топтар белсенді әрекет ететін Вазиристан аймағымен және Пәкістанмен шектеседі.

XS
SM
MD
LG