Accessibility links

Астанада бастауыш сыныптарда сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Астанада бүгін қатты аяз тұрғандықтан, қала мектептерінде 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

"Қазгирдромет" мекемесінің мәліметінше, қазір Астанада 27 градус аяз болып тұр.

Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жеткен.

Бұған дейін төтенше жағдай қызметі Алматы тұрғындарын қарашаның 24-і мен 25-і күндері желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетіп, қар жауатыны туралы ескерткен.

XS
SM
MD
LG