Accessibility links

Назым Қызайбай - бокстан әлем чемпионы


Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының белгісі. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының белгісі. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Назым Қызайбай 48 килограмм салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

Ол финалда үндістандық Шамджетсабам Сарджубаланы 3:0 есебімен ұтты. Назым Қызайбай – әйелдер арасындағы әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ боксшысы. Ол 2012 жылы өткен әлем біріншілігінде қола жүлде алған еді.

Джеджудегі әлем чемпионатының финалына шыққан тағы бір қазақ боксшысы бар. 81 килограмм салмақ дәрежесінде Ләззат Күнгейбаева ресейлік Зенфира Магомедалиевамен алтынға таласады. Бұл финалдық жекпе жек Алматы уақыты бойынша бүгін сағат 14:00-те басталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG