Accessibility links

Нарышкин: Ұлттық заңдарды ЕАЭС-ке сай түзу керек


Ресей мемлекеттік думасы спикері Сергей Нарышкин.

Ресей мемлекеттік думасы спикері Сергей Нарышкин.

Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкин Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің парламенттері қабылдайтын заңдарының одақ келісіміне сәйкестігін тексеретін міндетті сараптама жасауды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін Астанада айтқан.

Астанада Қазақстанның тұңғыш президенті күніне арналған халықаралық «Президент. Парламент. Интеграция» атты конференцияда сөйлеген Нарышкин 2015 жылғы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енетін ЕАЭО туралы келісімге сай институттар құрылып жатқанын, бірақ әзірше ортақ парламенттік құрылым жоғын айтқан.

Сергей Нарышкин Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және мәжіліс төрағасы Қабибулла Жақыповпен кездесіп, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының кейбір өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасқан.

XS
SM
MD
LG