Accessibility links

Ресей Беларусьтен келетін көкөніске бақылауды күшейтті


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресей бүгіннен бастап Беларусьтен әкелінетін көкөніске бақылауды күшейтті. Бұған Ресей азық-түлік эмбаргосын салған Еуропа Одағы елдерінен көкөніс контрабандалық жолмен кіргізілуі мүмкін деген күдік себеп болып отыр.

Россельхознадзордың хабарлауынша, енді барлық жүк көліктері, оның ішінде транзиттік көліктер Беларусь кеденшілерінің тексеруінен кейін де Ресей шекарасында тексеруден өткізілмек.

Россельхознадзор жүргізген мониторинг бойынша, Еуропа Одағынан Беларусь арқылы Қазақстанға тасымалданды делінген көкөністің 10 пайыздан астамы Ресей нарығында қалып қойған.

Өткен аптада Ресей осындай себеппен Черногориядан тасымалданатын ет өнімдерін импорттауға тыйым салған.

Ресей тамыздың 7-сінде ЕО елдерінен, Австралия, АҚШ, Канада және Норвегиядан ет өнімдерін, көкөніс, теңіз өнімдері мен тоңазытылған балық, сүт және сүт өнімдерін тасымалдауға тыйым салған.

Ресей азық-түлік эмбаргосын АҚШ пен ЕО-ның Ресейге Украина дағдарысына байланысты салған санкцияларына қарсы жауап ретінде енгізген.

XS
SM
MD
LG