Accessibility links

Ләззат Күнгейбаева бокстан әлемдік жарыста күміс алды


Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының белгісі. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының белгісі. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Ләззат Күнгейбаева 81 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медальді иеленді.

Ол дүйсенбі күні финалдық жекпе жекте ресейлік Зенфира Магомедалиевадан 0-3 есебімен ұтылып қалды.

Бұған дейін осы чемпионатта Қазақстан боксшысы Назым Қызайбай 48 килограмм салмақта алтын медаль жеңіп алған еді. Қызайбай – әйелдер арасынан әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық боксшы.

Бокстан әйелдер арасындағы келесі әлем чемпионаты 2016 жылы Қазақстанда өтеді.

XS
SM
MD
LG