Accessibility links

Азаттықтың тағы бір мақаласы ашылмай қалды


Daily Mail басылымы жариялаған "Сириядағы жиһадшы қазақ балалар" туралы "Ислам мемлекеті" видеосының скриншоты

Daily Mail басылымы жариялаған "Сириядағы жиһадшы қазақ балалар" туралы "Ислам мемлекеті" видеосының скриншоты

Азаттық вебсайтындағы қарашаның 24-і күні жарияланған "жиһадқа кеткен қазақ балалар" туралы видео мен экстремизм мәселесі жайлы материалы Қазақстан аумағынан ашылмай тұр. Азаттықтың "Материалды бұғаттаумен экстремизм мәселесі шешілмейді" атты мақаласының орыс тіліндегі орыс тіліндегі нұсқасында саясаттанушы Айдос Сарыммен сұхбат берілген.

Ұлыбританияның Daily Mail басылымы қарашаның 22-сі күні «Ислам мемлекеті» ультра-радикалдық тобы әлеуметтік желілерде таратты» деп сипатталған қазақша сөйлейтін кәмелетке толмаған жас балалар түскен видео жариялаған. Калашников автоматын жылдам құрастырып, нысана көздеген әскери форма киген бала қазақ тілінде сөйлейді.

Қарашаның 24-інде Азаттықтың бұл видеоға қатысты жариялаған материалдары қазақ және орыс тілді нұсқаларында қатар ашылмай қалған.

Мақалада Айдос Сарым "жиһадшы қазақ балалар" туралы видео түсірушілердің мақсаты - қоғамды шошыту деп бағалаған. Ол экстремизм мәселесі интернеттегі материалды бұғаттау арқылы шешілмейтінін, бірақ видеоның көп таралуына да жағдай жасай бермеу қажетін айтқан. Саясаттанушының айтуынша, "қолына қару алып соғысып жүрген адам мен мешітке барып намаз оқып жүрген адамды шатастырмау қажет және "жиһадқа" кеткен азаматтар қайтып келетін болса, ұзақ мерзім түрмеде отыруға тиіс. Сарым ақыл-ойы толыспаған балаларды шетелге әкетіп, соғысқа араластыруды "шектен шыққан фанатизм" деп атайды.

Қазақстандағы ең ірі интернет провайдері "Қазақтелеком" компаниясы Азаттықтың бұл мақаласының ашылмай қалуына қатысы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG