Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі отставкаға кетпек


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) қорғаныс министрі Чак Хэйгелдің отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. Вашингтон, 24 қараша 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) қорғаныс министрі Чак Хэйгелдің отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. Вашингтон, 24 қараша 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама қорғаныс министрі Чак Хэйгелдің отставкаға кететінін растады. Қарашаның 24-інде Ақ үйде сөйлеген Обама Хэйгел "қызметімді аяқтайтын уақыт жетті" деп айтқанын келтірді.

Обама екі жыл қорғаныс министрі болған Хэйгелді "үлгілі министр" деп атап, оны сенат жаңа министрдің кандидатурасын бекіткенше қызметінде бола тұратынын айтты.

Хэйгел Ауғанстандағы терроризмге қарсы кампания мен Сирия және Иракта радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы операцияларға наразылар билікті сынға алған тұста отставкаға кетіп отыр.

XS
SM
MD
LG