Accessibility links

Прокурор Ерлан Арынды бес жылға соттауды сұрады


Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Ерлан Арын.

Прокуратура өкілі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынды бес жылға соттап, дүние-мүлкін тәркілеуді сұрады деп хабарлайды бүгін ақпарат агенттіктері.

Бүгін Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан Ерлан Арынның ісі бойынша сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Радымхан Дубаева экс-әкімнің "кінәсі дәлелденгенін" айтты. Айыптаушы Арынның өзіне тағылған айыпты мойындамауын "жауапкершіліктен жалтару әрекеті" деп атады.

Тергеу ісі бойынша Ерлан Арынға «алаяқтық жолмен кәсіпкерден 1 миллион 650 мың теңге көлемінде қаржы жымқырған» және «кәсіпкерден тендерді ұтып алу үшін бес миллион теңгеден көп пара алған» деген айыптар тағылған.

Ерлан Арынды биыл наурыздың басында қаржы полициясы Павлодар облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тұтқындаған. Әуелде оған «ұйымдасқан қылмыстық топ» құрды, «бюджет қаржысын ысырап қылып, иеленді» деген айыптар тағылған. Бірақ кейін облыстық прокуратура істі қарап, айыптардың кейбірін алып тастаған.

Бұған дейінгі сот отырысында Ерлан Арын өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG