Accessibility links

Назарбаев пен Каримов Астанада кездесті


Қазақстан президентіи Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде кездесіп тұр. Бішкек, 13 қыркүйек 2014 жыл.
Қазақстан президентіи Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде кездесіп тұр. Бішкек, 13 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде президенттер екі елдің сауда-экономикалық, су-энергетикалық, транспорт және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы жайын талқылап, аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер жайында пікір алмасқан.

Кездесуде Назарбаев "Қазақстан Өзбекстанның барлық бастамаларын қолдайтынын" айтқан. Ол екі ел сауданы кеңейтуге, ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселелерінде, басқа да бағыттар бойынша өзара қарым-қатынасты дамытуға ынталы екенін мәлімдеген.

Қазақстан президенті бұған қоса әлемдік экономикадағы негативті тенденцияларға, негізгі тауарлар бағасының төмендеуіне қарамастан екі ел арасындағы тауар айналымы артып келе жатқанын да айтты.

XS
SM
MD
LG