Accessibility links

Ауыр атлеттер Рио-де-Жанейрода 3 алтыннан үмітті


Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.

Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.

Спорт және мәдениет министрлігі спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақстан 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадада ауыр атлетикадан үш алтын алуы керек" деп мәлімдеді.

"Лондон олимпиадасында төрт алтын алған ауыр атлеттерден 2016 жылы өтетін олимпиадада кем дегенде үш алтын күтеміз. Алдағы уақытта Қазақстанда ауыр атлеттер дайындайтын ірі спорт кешені ашылады" деді спорт комитетінің төрағасы.

Брифингке қатысқан екі дүркін олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин: "Мен өз жұмысымды жасадым. Жоспарым орындалып, әлем чемпионы атандым. Енді Рио-де-Жанейро олимпиадасына дайындаламын" деді.

Қарашаның 8-16-сы күндері Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан үш алтын, екі күміс медальмен 3-орын алды. Зүлфия Чиншанло (58 килограмм), Жасұлан Қыдырбаев (94 килограмм) және Илья Ильин (105 килограмм) чемпион атанды. Ал Жазира Жаппарқұл (69 килограмм) мен Владимир Седов (94 килограмм) күміс жүлде иеленді.

Рио-де-Жанейро олимпиадасы (Бразилия) 2016 жылы 5-21 тамыз аралығында өтеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG