Accessibility links

Харьковте әскери бөлім маңында жарылыс болды


Полиция жарылыс болған маңды тексеріп жүр. Харьков, 10 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Полиция жарылыс болған маңды тексеріп жүр. Харьков, 10 қараша 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинаның Харьков қаласында қарашаның 25-іне қараған түні әскери бөлім маңында жарылыс болды. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Жарылысқа куә болғандардың Twitter-де хабарлауынша, жарылыс үнінен сол маңдағы үйдің терезесі сынып, әскери бөлімнің бетон қоршауында үлкен жарықшақ пайда болған. Алдын-ала болжам бойынша, жарылғыш зат қоқыс салатын контейнерге жасырылған болуы мүмкін.

Харьковте соңғы бір аптада осымен үшінші рет жарылыс болып отыр. Қарашаның 20-сы күні кешке қала орталығындағы Донбасстағы операцияға қатысқандар емделіп жатқан әскери госпиталь маңында жарылыс болған. Қарашаның 22-сінде Безлюдовка станциясындағы теміржол депосында цистерна жарылған.

Ал қарашаның 10-ына қараған түні ұлттық гвардияның "Азов" батальонына көмек көрсету үшін жиын болып жатқан "Стена" түнгі клубында жарылыс болған. Ол жарылыстан сегіз адам зардап шегіп, екі адам ауыр жараланған.

XS
SM
MD
LG