Accessibility links

Донецкіде атыстан екі адам мерт болды


Ресейшіл сепаратист өртенген автобусты тексеріп жүр. Донецк, 1 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейшіл сепаратист өртенген автобусты тексеріп жүр. Донецк, 1 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Донецкіде бүгін таңертең маршруттық автобусқа снаряд түсіп, екі адам қаза тапты. Қалалық кеңес сайтының хабарлауынша, сегіз адам жараланған.

"Украинская правда" басылымының жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап хабарлауынша, снарядтан негізінен жұмысқа кетіп бара жатқан дәрігерлер зардап шеккен. Бірнеше мектеп, жеке тұрғын үйлер мен дүкендер зақымданған.

Бұл ақпаратты Донецкінің өзін-өзі жариялап алған "халық мэрі" Игорь Мартынов та растады.

Қарашаның 24-інде Донецкіде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, сегіз адам жараланған.

Өткен түні Донецкінің Киев, Куйбышев, Ленин және Петров аудандары атқыланған.

XS
SM
MD
LG