Accessibility links

Шетелдіктердің сотта құқықтық көмек алуы жайлы конвенция бекітілді


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті «Сот төрелігіне халықаралық қол жеткізу конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Сейсенбі күні құжатты депутаттарға таныстырған әділет министрі Берік Имашев конвенция бойынша, оны қабылдаған елдердің азаматтарына азаматтық және сауда істері бойынша құқықтық көмектер көрсетілетіні, сот шығындары өтеліп, азаматтарды ұстау мен қол сұғылмаушылық құқықтары қамтамасыз етілетіні туралы хабардар еткен.

Имашевтің сөзінше, егер құқықтық көмек көрсету туралы өтініш «елдің егемендігіне, қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіретін жағдайда» мемлекет ондай көмек беруден бас тартуға құқылы.

Сот төрелігіне халықаралық қол жетімділік туралы конвенция Гааганың 1980 жылы қабылданған халықаралық жекеменшік құқық туралы конвенциясы негізінде қабылданған. Гаага конвенциясында құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті басқа мемлекеттің сыртқы істер министрлігінен тыс, консул арқылы беру мүмкіндігі қаралған.

Ал сот төрелігіне халықаралық қолжетімділік туралы конвенция азаматтық және сауда істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті мемлекеттің өзі тағайындаған орталық басқару органдары арқылы беруге мүмкіндік жасайды. Бірақ, бұл конвенция бойынша да құқықтық көмек сұрауға дипломатиялық жолдарды пайдалануға тыйым салынбаған.

XS
SM
MD
LG